* Сұлулық сыры. Көздің айналасындағы тері күтімі

Үй жағдайында дайындалған бұл дәруменді қоспаны ұдайы тұрақты түрде қолданып жүрсеңіз, көздің астындағы тері қатпарлары жазылып, шаршау белгісі жоғалады. Ол көз айналасындағы теріге тығыздық беріп, балғын түсін қалпына келтіреді.

Қоспаны дайындау үшін шағын ыдысқа 1 ас қасық зәйтүн майы мен 3 тамшы Е дәруменін және 3 тамшы А дәруменін (екеуі де май түрінде болуы керек) қосып, мақталы таяқшамен жақсылап араластырамыз.

Көздің айналасындағы теріні ылғалдандыруға арналған қоспа дайын болған соң, оны таңертең және кешке ұмытпай жағып жүру керек. Ол үшін майлы қоспаны жай ғана саусағыңыздың ұшымен алып, көздің астына жағасыз да, жеңіл уқалай отырып, теріге сіңіресіз.

Көздің асты қатты жылтылдап тұрмауы үшін майды жаққаннан кейін 30 минуттан кейін оны қағаз сулықпен жайлап сүртіп алыңыз.

Қоспаны дайындау кезінде зәйтүн майының орнына миндаль, шабдалы немесе итмұрын майын да пайдалануға болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.