Супермаркеттен 100 данадан астам шоколад ұрлаған күдікті тұлғалар ұсталды

2023 жылдың 26-қаңтарында Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында, ағымдағы жылдың  24-қаңтарында сағат 13:00 шамасында өзінің меншігіндегі сауда үйіне белгісіз екі тұлға келіп, ондағы сауда сөрелеріндегі тәттілерді жасырын түрде жымқырып, бой тасалағандығын жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі – 162 976 (жүз алпыс екі мың тоғыз жүз жетпіс алты) теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын анықтап, тәулік ішінде қолға түсірді. Олар Шымкент қаласының 25 және 27 жастағы тұрғындары болып шықты. Екеуі де — жұмыссыз.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған екі ер азаматтың Ш.Уалиханов көшесінде орналасқан дүкендердің біріне келіп, сатушының назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, «Merci», «Alpen Gold» шоколадтарын ұрлап кеткен. Тәттілердің саны 100 данадан асады.

Қазіргі кезде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.