СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының өкілі Ы.Сымайлов, ардагер Б.Тулаев Ич-167/2 мекемесінің жеке құрамымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңға енгізілген өзгерістерден хабардар ету, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен, жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге қатысты жауапкершілікті жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары туралы айтты.
Спикерлер іс-шара барысында адалдықты биік ұстауға шақырып, ұжым арасындағы парасаттылық жайын талқылады.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, арнайы бейнеролик көрсетілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.