Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысқан Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар етті.
Оның айтуынша, қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге бағытталған.
Сонымен қатар, спикер 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы баяндап, өткен жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы баяндалып, жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.