Сыбайластар мойынына құрық салынды

Жуырда  10 миллион теңгеден астам мөлшерде бірнеше мәрте пара алған Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю  Пак пен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас маманы Имамходжаев П.Т., фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. тұтқындалды.

Лауазымды тұлғалардың өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алып келгені анықталып отыр.

Бұдан бөлек, пара берген «Зерде» ҮЕҰ» ЖШС атқарушы директоры Жүзбаева Э.М. да қамайды.

Бұл  лауазымды тұлғалар пара алумен бірге, тегін медициналық көмек шеңберінде сатып алынатын медициналық препараттардың құнын көтеру арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталуда.

Сот санкциясымен Пак, Қажынова, Имамходжаев және Жүзбаева тұтқындалып, Ибраева үйқамаққа алынды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.