Т.ӘБДІК: Шындық үшiн шырылдаудың орнына, басшыларға бас ұрып…

Билік қоғамдағы күрделі проблемаларды айтуға мүдделі емес. Тек жақсылықты айтып, елді тыныштандырғысы келеді. Бірақ одан халықтың жағдайы жақсармайды. Барлық жерде халық өз мүддесі үшін күресу арқылы ғана билікті көндіре алады. Қазір халыққа қарап, ақылсыз балаға ақыл үйреткендей ұялтып сөйлеп, ұстаздық жасаудың қажеті жоқ.  Сыртта ХІХ ғасыр емес, ХХІ ғасыр. Халықтың бізден ұялатын жөні жоқ, біз халықтың алдында ұялуымыз керек. Қазақтың мүддесін қорғап, билікке батырып сөз айта алмай жүргеніміз үшін, шындық үшін шырылдаудың орнына, басшыларға бас ұрып, жауырды жаба тоқып жүргеніміз үшін, сол үшін дәме етпес дәме ететініміз үшін, тағы сол сияқты… Мен президент әкімшілігінде жұмыс істемеймін. Онда істейтін, мен білетін жігіттердің ішінде елге жаны ашитын азаматтар жоқ деп айта алмаймын. Қазақ ұлтының азаттығы үшін мерт болған Алаштың азаматтарына арналған, ақшасы бөлінген, макеті дайын ескерткішті  Астанада орнату туралы ұсынысын өткізе алмай: “Мынадай іске шамамыз келмесе, бұл арада неғып жүрміз”, -деп күйзелген  жігітті білемін. Бірақ олардың қолында үлкен тізгін жоқ.

elana.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.