Т.ТЕМЕНОВ, ҚР Халық артисі, профессор: Әлде Парламенттiң деңгейi осы ма…
Әнеукүні теледидардан бір депутат көкеміздің айтқан сөзі: «Қазіргі бос тұрған пәтерлерді жалға беруді доғару керек» деді. Себебі ол мырза ұйықтағанда көршілер жақтан «ыңқыл-сыңқыл» естігенде ұйықтай алмай ұялады екен…
Ақылды депутаттың, абыз депутаттың сонда айтпағы осы ма? Депутат – қазіргі Ел тағдырына, Жер тағдырына алаңдамаушы ма еді?! Болмаса Атырауда қырылған ақ сазан балықтардың неге өлгенін, Арқадағы ақбөкендердің не үшін, неден көктей жусап жатқанын, болмаса неге бізде қарттар үйі мен жетімханалардың көбейіп бара жатқанын, әйтпесе неге біздің Елден бір жылда 40 мыңнан астам білімді, оқыған жастардың шет асып бара жатқанының себебін, неге біз жемқорлықты жеңе алмай отырғандығымызды, неге бізде бейбіт күнде «Ауған соғысынан» да сорақы жол апатынан жүздеген, мыңдаған адамдардың шейіт болатынын , неге, неге деп мәселе көтере ме десем, ол кісі «ыңқыл-сыңқыл» мәселесін көтереді екен. Әлде Парламенттің деңгейі осы ма деп қынжылдым… Күйзелдім…
Abai.kz