Табысты адамдардан 35 кеңес

Ұзақ қашықтықтар туралы

18. «Қазір біреу көп жылдар бұрын басқа біреудің отырғызған ағашының түбінде саялап отыр».

                                       Уоррен Баффет, Berkshire Hathaway CEO

19. «Бәрі әрдайым сіз ойлағандай бола бермейді. Бірақ, сіз әр күн сайын және әр түн сайын бар күшіңізді салуыңыз керек».

                                       Майкл Джордан, NBA ойыншысы.

 Ықпал туралы

20. «Егер сен адамдардың өмірін жақсарта алатын бірдеңемен айналысып жүрсең, бұл істің расымен да құны бар».

                                     Марк Цукерберг, Facebook CEO/Founder

21. «Мен өзімді жаңашыл, кәсіби, сыпайы және өмірді жақсы жағына өзгерткен адам ретінде еске алғандарын қалаймын».

                          Сергей Брин, GoogleX Director, Google Founder

22. «Бірдеңені қалай арзандау және тезірек жасауды ойламаңыз, оны қалай ең адам сенгісіз жолмен жасауды ойлаңыз».

                                    Ричард Бренсон, Virgin Group Founder

23. «Ең ұзақ өмір сүретін компаниялар — өз жолымен жүрген компаниялар».

                                           Говард Шульц, Starbucks CEO

24. «Алғаныңыздан көбірек беріңіз. Егер қолыңыздан келсе — ұзақ та ғажап өмір сүресіз».

Урсула Бернс, Xerox CEO

 Ақша туралы

25. «Баға — бұл сіз төлеген нәрсе. Құндылық — сіздің алған нәрсеңіз».

Уоррен Баффет, Berkshire Hathaway CEO

26. «Егер біздің мақсатымыз тек ақша болғанда, әлдеқашан компанияны сатып, жағажайда қыздырынып жатқан болар едік».

Ларри Пейдж, Alphabet CEO, Google Founder

27. «Тартымды бағаға дұрыс компанияны сатып алғаннан дұрыс бағаға тартымды компанияны сатып алған әлдеқайда жақсы».

Уоррен Баффет, Berkshire Hathaway CEO

28. «Мен әрдайым бақытты ақшаға сатып ала алмайсың деп ойлаушы едім. Бірақ, бұл мүлде олай емес».

Сергей Брин, GoogleX Director, Google Founder

  Әрекеттер туралы

29. «Айналаңда болып жатқан нәрсені бақылап қана отырасың ба, әлде сол болып жатқан нәрсенің бір бөлшегі боласың ба – әрқашан таңдау бар».

Элон Маск, SpaceX CEO/Founder, Tesla Motors CEO/Founder

30. «Жаңбыр болады деп болжам айтпа, одан да кеме тұрғыз».

Уоррен Баффет, Berkshire Hathaway CEO

31. «Ақылмен жұмыс істе. Істі аяғына дейін жеткіз».

Сюзан Войчицки, Youtube CEO

О лидерстве

32. «Мен өзімнен естігісі келген сөзді емес, өзім ойлаған нәрсені айтқанда ғана өзімді сенімдірек сезінемін».

Урсула Бернс, Xerox CEO

33. «Бизнесті басқару дегеніміз – мәселелерді сәтті шешу. Мәселелерді шешу дегеніміз — адамдарды тыңдай білу».

Ричард Бренсон, Virgin Group Founder

«Мен ешқашан өз бетімше істей алатын нәрсені өзгелердің істеп беруін өтінбеймін».

Индра Нуйи, PepsiCo CEO

35. «Көшбасшы болу дегеніміз — адамдарды жақсартуға ықпал ету және өзің жоқта да бұл ықпалдың күші жойылмайтынын білу».

Шерил Сэндберг, Facebook COO

 

 

Дайындаған Б.КЕМЕЛ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.