Фариза Оңғарсынова: Тағы да көктем келді

Тағы да көктем келді,
Бал сезімдерге, сал сезімдерге ұран сап,
Өткінші ғұмырдай қылықтары мол бұлаң шақ!
Көн қөңілдер де теңіз боп көлкіп кетіпті-ау,
Ару қыз аңсап, жыр аңсап!
Бұл не деген құдірет!
Дүниенің бәрін құштарлық қаптап кеткен бе,
Адамның бәрі мас болып жүр ғой от-демге!
Байырғы күңгірт күндер де қайтып келместей…
Жабырқап жүрген жоқ пенде.
Ұмытып жатыр жұмыр жер,
Өктем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын.
Жастық жүр жайнап еқпіні-дауыл, Ай мүсін.
Тіледім: мұндай сәттерде зұлым ойынан
Қатыгездер де айнысын!
Қыз-көктем келіп қызғалдақ қадап жүр белде,
Дүние түгел ұқсасын дей ме гүлдерге.
Табиғат жанды сергітіп алады екен-ау,
Тірліктен қажып қалжырап жүрген күндерде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.