Тарихи жауапкершілік. «AMANAT»-тың XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы өңірлерде талқылануда

Өңірлердегі жұртшылық Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенттігіне ұсынылуын қолдайды. Бұл «Amanat» партия­сының кезектен тыс XXIV съезі мен халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау барысында белгілі болды.

Алматыда съезд делегаттары мен форумға қатысушылар «Жастар рухының» қаладағы белсен­ділерімен кездесті. Қазақ­стан Волонтерлер лигасы­ның басшысы Нұрсұлтан Бекқайров Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидат ретінде бір ұйым­нан емес, бүкіл халықтық коа­лициядан ұсынылуы Әділетті Қазақстанды құру жолында көпшілік жұрт болып жұмылуға дайын екендігін айғақтайтынын атап өтті.

«Жастар рухы» Алматы қала­лық филиалының төрағасы Әке­жан Кеңесов партия Мемлекет бас­шысының қоғамдық тірегі ретін­де қазақстандықтарды сая­си және экономикалық реформа­ларды табысты іске асыруда бірік­ті­руге қабілетті елдегі санаулы ұйымдардың бірі деп есептейді.
«Съезде сөйлеген сөзін­де «Amanat» төрағасы Ер­лан Қошанов партиядан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсын­ды. Деле­гаттар бұл шешімді бір­ауыз­дан қолдады. Сондай-ақ съезд бары­сы­нда делегаттар жаңа саяси тұғырнаманы бекітті», деді ол.

Қарағандыдағы облыстық аурухана алаңында белсенді пікірталас өтті. Медициналық мекеме ұжымы бүгінде бейбітшілік пен келісім­ді сақтау бұрынғыдан да өзекті екеніне сенімді. Сон­дықтан да олар алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевты ең тиімді әрі лайықты кандидат деп есептейді.
«Мен сайлаудың бірінші кезекте ашық, әділ өткенін қолдаймын. Қазақстан бүгінде посткеңестік кеңістіктегі тұрақтылық орнаған ел болып отыр. Еліміз көпұлтты, егер біз бірге шешім қабылдасақ, бәрі жақсы болады. Ең бастысы, бейбітшілік», деді репродуктолог-гинеколог Лали Пак.

Ақтауда «Каспий жылу, су ар­насы» еңбек ұжымымен партия­ның кезектен тыс XXIV съезі­нің делегаты, кардиохирург Нұрлан Тілепов кездесті. Ол жинал­ған­дарға съезд жұмысы­ның нәти­желері, жаңа саяси тұғырна­маның қабылданғаны және алдағы пре­зиденттік сайлауға дайындық туралы айтып берді.
«Мен съездің делегаттары, «Amanat» партиясының мүше­лері Мемлекет басшысын пар­тияның кандидаты ретінде бел­сен­ді қолдауға бел буғанына сенім­дімін», деді ол.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.