Тастанды «қорған-қала»

2014 жылы Түркияда The Burj Al Babas деп аталатын бай шетелдіктерге арналған «люкс» қалашық бой көтере бастайды. Болу провинциясындағы таудың етегінен салынған осы жүздеген үйлердің дизайны Дисней ертегілеріндегі сиқырлы қорғандарды еске түсіреді.

Жобаның жалпы құны 200 миллион доллардан астам соманы құраған. Ал әр үй 400-500 мың долларға бағаланған. Бірнеше жылдың ішінде Sarot Group компаниясы Катар, Кувейт, Бахрейн және Сауд Арабиясындағы клиенттерге жүздеген үйлерді сатып үлгереді. Бірақ, көп өтпей мұнай бағасының төмендеуіне байланысты тұтынушылар бұл үйлерден бас тартады. Осының салдарынан Burj Al Babas қалашығын салушылар 27 миллион доллар қарызға батып, банкроттыққа ұшырайды, ал сатылмаған 587 үй қараусыз қалады. Sarot Group жобаны қайта қолға алудан әлі де үмітті. Тіпті 2019 жылы құрылыс қайта жалғасуы да мүмкін. Ал әзірге «қорған қала» қаңырап тұр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.