Тәуелсіздік тұғыры

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қоғамдағы дәстүрлі діндердің дамуымен қатар, еліміз үшін беймәлім дәстүрлі емес діндердің әрекеті қатты байқалды.
Бұрын лексиконында пайдаланып көрмеген пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ «Агапе» «Жаңа аспан» сияқты протестанттық шіркеулер, «Бахаи» «Сайтан шіркеуі», «Саентология шіркеуі» сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.
Ел еңсесін көтеріп, заңдарымызды пысықтағаннан кейін көптеген дәстүрлі емес діндер жұмысын тоқтатты.
Бұдан бөлек, дін атын жамылған саяси күштердің іс-әрекеттеріне де мемлекеттік органдар тойтарыс бере білді. Елімізде экстремистік бағыт¬тағы «Хизб-ут-тахрир» («Азат ету партиясы») ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудырды. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты — Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу болды. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамай, осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанды. Аталған ұйым күресі идеологиялық күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізілді. Бұндай ұйымдардың қатарында «әл-Каида», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Лашкар», «Таиба», «Боз-құрт», «Өзбекстан ислам қозғалысы» және т.б. болды және лаңкестік ұйымдардың қызметіне тыйым салынды.
Қазіргі таңда еліміз діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие. Талай тарих тоғысынан сүрінбей өткен еліміз саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған.
Елбасы, Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанындай: «…бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың Сөзіне деген ашықтық. Бұл — Қазақстандағы конфессия-аралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттығымызбен, этносаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан әрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс».
Тәуелсіз еліміз мәңгі жасасын.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.