Таза ауланың тынысы кең

Дәл осы ұранмен кеше дәстүрлі сенбілік жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты Рысқұлбеков, Байтұрсынов, Мәметов, Спорт шағын ауданы аулаларында жалғасты.

Тазалық шарасында аулалардағы шөп орылып, қураған ағаштар бұталанды. Сондай-ақ, аулалардың маңайы сыпырылып, қоқыстан тазартылды.

Тазалық шарасына аудан әкімдігінің қызметкерлері және табиғат жанашырына айналған 200-ге жуық қала еріктілері атсалысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Осы орайда, қала тұрғындарын өздері тұрып жатқан жердің тазалығына немқұрайлы қарамауға, табиғатты ластамауға шақырамыз!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.