«Титаник» қайта оралады

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сунин қаласынан салынып жатқан жаңа ойын-сауық саябағында аңызға айналған «Титаник» кемесінің көшірмесі түпнұсқасының көлемімен бірдей етіп тұрғызылуда. Кеме-аттракционның ұзындығы – 269 метр, ал ені 28 метр болмақ.

Жобаның авторы «Романдизи» компаниясы өкілдерінің айтуынша, лайнердің көшірмесі тіпті каюталарының әрленуі мен мейрамханасындағы мәзіріне дейін түпнұсқасын дәлме-дәл қайталайтын болады. «Титаник» жаңа ойын-сауық саябағындағы «Романтикалық Жерорта теңізі» секциясының бір бөлігіне айналмақ. Аңыз-кемеден бөлек, мұнда жыл бойына және тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін жылы жағажай, ыстық су көздері және яхта тұрағы салынатын болады.

Жалпы құны 150 миллион долларға бағаланған кеме құрылысы осы жылдың аяғында бітеді деп жоспарлануда. Алайда барлық әрлеу жұмыстары толық аяқталған соң, «Титаник» тек 2019 жылдарға қарай ғана қонақтарды қабылдай бастамақ.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.