Төле би ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында қыс мезгілінде зақымданған аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын асфальт-бетонмен жамау жұмыстары аяқталу үстінде. Көктем мезгілінің күн жылынған алғашқы уақыттарынан басталған жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жолдарды ретке келтіру жұмыстары ауданішілік 12 көшеде аяқталған.

Төлеби аудандық Тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары атқарып жатқан жұмыстарға 5 бірлік арнайы техника мен 22 жұмысшы толықтай жұмылдырылып отыр.

Сонымен қатар, биылғы жылдың шілде-тамыз айларында аудан орталығы Леңгір қаласындағы орталық Төлеби көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

                                                                                                   ОҚО әкімнің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.