Төлебилiктердiң тындырымды тiрлiктерi

Жуырда Төлеби ауданындағы «Нұр» мешітінде «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» деген тақырыпта семинар- кеңес өткізілді.  Алқалы жиынға жиналған азаматтардың қарасы да көп, көтерілген мәселелердің ауқымы да кең болды.

Семинар-кеңеске ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров және қала, ауылдық округтегі мешіттердің имамдары, БАҚ өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты ҚМДБ-ның қабылдаған төрт құжаты негізінде имамдардың біліктілігін арттыру, еліміздегі, өңіріміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық жергілікті ақпараттық-насихат топтары (ЖАНТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру болды.

Соңғы кездері бұл топтың жұмысының тиімділігі әлдеқайда артты деуге болады. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру туралы түрлі орнықты ой мен құнды пікірлер таратылуда. Семинар қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында өткізілгендіктен, ондағы жасалған баяндама мен ұсыныстар өте әсерлі де, мазмұнды болды.

А.ҮСІПОВ.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.