Төтенше жағдаймен күрес үздіксіз жүруде

Ағымдағы жылдың 25 маусым күні сағат 11-де 44859 әскери бөлімінің аумағында өрт ошағы жалғасуда (ә/б аумағы 2700 га құрайды, онда 89 оқ-дәрі қоймасы орналасқан, сақтау орындарының ауданы 150 мың шаршы метрден астам.)

ТЖ салдарын жоюға жеке құрамнан 36 адам және 40 бірлік техника жұмылдырылды. Аталған оқиға бойынша мониторинг жүргізіліп, іс бақылауға алынған. Дегенмен, Арыс қаласының 7600 тұрғын үйінің әйнектері сынған, 80-85% үйлердің шатырына зақым келген.

Қала аумағын түні бойы Ұлттық ұланның 580 жауынгері мен       345 полиция қызметкері күзетті. Олар қарақшылық фактінің алдын алып, 3 жергілікті тұрғынды ұстады.

Облыс денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккендер саны 60 адамды құрады. Бұл көрсеткіш әлі де нақтылануда.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігі жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қорының шоты ашылды.

Арыс қаласының тұрғындарына қаржылай көмек қолын созамын дейтін азаматтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылды.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Осы есеп-шот жариялана салысымен Арыс жұртшылығына қайырымдылық жасауды жөн көрген азаматтар бірден іске кірісті. Қазір арыстықтарға көмектескісі келетін кез келген азамат жоғарыдағы есеп-шотқа ақша аудара алады.

Бүкіл ел бойынша Шымкент қаласында орталықтандырылған жинау және қайта бөлу үшін гуманитарлық көмек жинау жүріп жатыр. Арнайы пункт ашылды, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақш/а, құрылыс  592/3, блок №7. Бұл біздің қойма (байланыстағы тұлға Нурсаин 8 705 888 -78-28).

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.