ТУБЕРКУЛЕЗ – ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ

Туберкулез – созылмалы кесел. Бұл ауру кезінде ең алдымен өкпе залалданады, кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа түйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқалары зақымданады. Жұқтыру негізі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.

Туберкулезді жұқтыру жолы: Егер ауру адам жөтеліп түшкірсе, туберкулез қоздырушысы ayaғa түседі. Залалданған ауамен айналадағы адамдар демалатын болса,  бактериялар тыныс алу жолдарымен өкпеге түседі.

Туберкулез бактерияла­ры­ның сакталуы: қалыпты жағдайда күннің көзінің болмауы – бірнеше ай; жарық тapaлғaн болса – 1-1,5 ай; көше шаңында – 10 күн; кiтan беттерінде – 3 ай; суда – 5 ай; сүт тағамдарында – 8 ай.

Туберкулез бакте­риялары өлетін жағдай: күн сәулесіне – 1,5 сағатта; ультракүлгін сәулесінің әcepi 2-3 мин; сүтті қайнатқанда; күн сайын бөлмені желдеткенде; ылғалды шүберекпен бөлмені сүрткенде.

Ол ауа арқылы ауру адамнан сау адамға жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде жұғады. Жеткіліксіз тамақтану, қатты тоңу, созылмалы күйзеліс,  зиянды әдеттер иммунитетті төмендетіп, туберкулез ауруына шалдықтыруы мүмкін. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ дер кезінде ем­делмесе, дертті отбасы мүшелеріне  жұқтырып  аулы мүмкін.

Туберкулезге қарсы екпе жа­сайды, балаларға тері астына дәрі жібереді (Манту реакциясы), ал, ересектерде жаппай флюрографиялық  тексеру жүргізіледі.

Енді туберкулез ауруының алғашқы белгілеріне тоқтала кетейік:

– 2 апта бойы жөтелу;

– тәбеттің төмендеуі;

– арықтау;

– түнгі тершеңдік;

– дене қызуының көтерілуі;

– әлсіздік пен шаршағыштық,

– көкірек тұсының ауруы;

– қан аралас қақырық тастау.

Осы белгілер білінісімен дереу дәрігерге қаралып, тексерілуден  өту қажет. Сондай-ақ, науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап, дұрыс ем алса ғана толық айыға алады.

Сондықтан әрдайым денсаулықты сақтау ережелеріне мұқият болуды көздейік.

Г.Онласынова,

Қаратау ауданы Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.