ТҮЛКІБАС: ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА 10 ЖАҢА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Түлкібас ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табысталды. Бұл жолы игі іске ықпал болған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы.
Айта кетерлігі, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен түлкібастық еріктілер тарапынан орталық ауруханаға 360 дана арнайы медициналық киімдер, 210 оттегі балоны, 2 дана оттегі концентраторы табысталған болатын. Сондай-ақ, аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі астар ұйымдастырылып келеді.
Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы 13 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 55 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған.
Түлкібас ауданында пандемия басталғалы қауіпті дертті жұқтырғын 72 адам тіркелсе, бүгінде соның 57-і айығып шыққан. Бүгінде 12 науқас ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.