Тұрғын үй құрылысы партияның назарында!

«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топпен бірлесе отырып,

аудан көлемінде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйлердің сапасына бір реттік зерделеу жұмыстарын жүргізді. Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркөз Жаңабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы, Шымкент қалалық маслихатының депутаты Таңатарова Жадыра, Шымкент қалалық арнайы мониториг топтың жетекшісі Әсет Әссанди бастаған комиссия мүшелері Шымкент қаласының ӘІО-дағы 9-қабатты 56 пәтерлі (бас ммердігер – «Корпорация АҚ Ордасы» ЖШС-і) және «Тұран» ықшам ауданында 16 қабатты (бас мердігер – «Отау-Строй» ЖШС-і) тұрғын үйлердің тұрғындардың пайдалануына дайындық деңгейі мен құрылысының сапасымен танысып, тиісті ұсыныстар жасалып, сын-ескертпелер айтылды.

Аталмыш тұрғын үйлер осы жылдың желтоқсан айында тапсырылуы тиіс, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.