Туристік ақпараттық орталық

«Visit Shymkent» орталығы туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін маркетинтік ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, көші-қон қызметтерінің көмегін пайдалану, туризм саласын талдау, қаланың туристік имиджін дамыту, ірі туроператорларды анықтап, оларға туристік маршруттарды ұсынады. Іскерлік іс-шараларды өткізіп, осы салаға инвестиция тартумен де айналысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметі, туристік карталар ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.

Шымшаһар жыл санап дамып, көркейіп келеді. Осы қалыптан таймай қаланың өсуі жалғасатын болса, шаһардың туристік әлеуеті де жоғарылай түседі. Бұған мекеменің басшысы ретінде емес, әлемнің 30-дан астам елінде болған жиһанкез есебінде баға беріп отырмын. Турист – төлемге қабілетті инвестор. Инвесторлар көбеймейінше, қаланың экономикасы да айтарлықтай көрсеткіштерге жете алмайды. Оны туризмі дамыған елдердің тәжірибесінен көруге болады.

Шымкентке келетін шетелдік қонақтардың дені көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай азаматтары. Оларды мұнда негізінен ас мәзірі, Шымкент және Түркістан облысының тарихи орындары мен таулары қызықтырады екен. Орталық басшысы қаладағы көрікті орындарды тамашалау, дәмі әралуан керемет асханасынан дәм тату мақсатында келетін туристер саны жыл санап артып жатқанын айтады. Пандемияға дейін мегаполисте туристік әлеуетті жетілдіру бағытында бірнеше тың жобалар қолға алынғанын да атап өтті, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.