Туризм саласын дамыту бойынша қабылданған жаңа заң

Елімізде туризм саласын дамыту бойынша қабылданған жаңа заңда туристік нысандар салатын кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қарастырылатынын айтады. Соған сәйкес қаржылай қолдау тетіктерінің де ауқымы кеңейді. Олардың қатарында инвестициялық жеңілдіктер, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар бар.

Биылдан бастап елімізде турист салығы енгізілуде. Ол бір тәулікке адам басына шамамен 500-1500 теңгені құрайды. Аталған салық жергілікті әкімдікке түседі. Жиналған қаражат туризм саласын дамытуға жұмсалады. Тағы бір мүмкіндік, егер сіз кәсіпкер болып қоғамдық әжетхана соғатын болсаңыз айына 83 мың теңге күтіп-баптауға беріледі. Ал туристерге арналған автобус сатып алған жағдайда 25 пайыз қаржысын мемлекет субсидиялайды. 500 миллион теңгеден көп мөлшерде инвестиция құйып туристік нысан соғатын болсаңыз, онда 10 пайыз ақшасын мемлекет арқылы субсидиялау көзделген. Әрбір шетел азаматы туристік компанияға келетін болса, 20-25 пайыз қосымша субсидиялау қарастырылған.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздегі туризмді дамыту тұжырымдамасына орай тарихи-мәдени ошақтарды қайта жаңғырту және оларды туризм индустриясына тарту керек екені жайлы нақты айтылады. Айдарәлі Әмірәліұлы қаламыздағы Сайрам тұрғын алабын қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жаңа келбетін қалыптасыру бойынша жобалық мастер-класс басталғанын айтты. Егер жоба мақұлданса, ескі қалашық қамалын қайта жаңғырту жұмыстарымен қатар сансыз баптар жатқан мекенді шығыс стиліне көшіру жұмыстары да қолға алынады. Бұл өз кезегінде туристік нысандардың екінші тынысын ашуға ықпал етеді, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.