«TURKISTAN-109» — ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІМІ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласы әкімдігінде іске қосылған 109 қызметі, яғни Бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Озық техникалармен жабдықталған заманауи орталық қызметіне жоғары бағаларын берді.

Жаңа орталық жұмысымен таныстырған Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық операторлар мен қажетті мамандармен толық қамтылғанын. «Ашық Әкімдік», «Халықтық Әкімдік» жүйесін қолға алған қала әкімдігі осылайша халықтың жергілікті атқарушы органдарға келіп, уақыт жоғалтпауын көздейді.

Барлық өтінім мен шағымдарды 109 қызметі өз назарына алып, тіркеп отырады. Шағымдарға жауап беру нәтижесінде әкімдіктің қызметкерлеріне, яғни қала әкіміне және орынбасарларына пайыздық көрсеткіш беріледі. Ол орынбасарлардың құзіретіне кіретін жауапты бөлімдердің шағымдарға назар аударуы нәтижесінде белгілі болады. Мұны көруге арналған лэд-экран облыс және қала әкімінен өзге 109 бірыңғай байланыс орталығында және арнайы бағдарламада ашық көрсетіледі. Call-орталығы қабылдаған 5274 өтініштің 99 пайызы шешімін тапқан.

Түркістан қаласында «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қала әкімдігі тарапынан 200 бейнебақылау камералары орнатылған. 24/7 қағидасы бойынша жұмыс істейтін бейнебақылау камералары іздеу және көрсету базасында тану статистикасын жүргізіп, адамдарды биометриялық тану, карантин кезіндегі маска режимін аңықтау, тұрғындардың шоғырлануын анықтау, заңсыз әрекеттерді әшкерелеп, құзыретті органдарды ақпараттандыру секілді функционалдық мүмкіндіктерге ие.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.