ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БЮДЖЕТІНЕН САЛЫНҒАН ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы аясында Арыс қаласына қарасты Жиделі, Аққала, Мелдеби ауылдық округтеріне төселген жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мониторингтік жұмыстардың негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау.
Зерделеу жұмыстары барысында қала тұрғындарының арыз-шағымына сәйкес, жолдардың асфальт бетон жамылғысынан жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы сынамалар алынып, мемлекет бюджетінен салынған жолдардың құрамы мен стандарты, сапасы мен қауіпсіздігі сараланды.

Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ғ.Жүндібаев, Арыс қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары сектор меңгерушісі Қ.Ақылбай, «Түркістан- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, облыстық «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» РМК инженері Д.Камалов, жауапты мердігер компанияның басшылары мен қалалық арнайы мониторингтік топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Арыс қаласына қарасты ауылдық окруктерде жүргізілген мониторингтік бақылау жұмыстарының нәтижесінде Қараой көшесінің қосылған жерлерінде тегіссіздіктер, Бастау көшесінде жол жиектерінің бұзылу деректері, Нұрлы көшесінің асфальт-бетон жамылғысының беткі қабатында шашылулар, сондай-ақ алынған кесінділер арқылы асфальт-бетон жамылғысының қалыңдығы сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Жол сапасын зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған ақаулар бойынша акт түзіліп, жолдардың қайта қалпына келтірілуі бойынша ұсыныстар берілді.

Айта кетсек, жыл бойына Департаментпен «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасының аясында және тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдардың негізінде Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдардың сапасына тұрақты негізде мониторинг жұмыстарын жүргізу әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.