ТҮРКІСТАН: АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА СТУДЕНТТЕР ҮШІН СЕНІМ ЖӘШІГІ ОРНАТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Жас Отан» ЖҚ, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ұйымдастыруымен білім беру қабырғасында «Сенім жәшігі» орнатылды.

Сенім жәшігін орнатудағы басты мақсат — студенттер мен оқытушы құрам арасындағы орын алатын заң бұзушылықтарды құзыретті органдарға жеткізу және  университетте ашықтықты, әділеттілікті, адалдық құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Сенім жәшігі Халықараралық университеттің өзге де ғимараттары мен студенттер үйіне 10 данасы қойылды.
Сенім жәшіктерін қадағалау, бақылау, келіп түскен арыз-шағымдарды құзыретті мекемеге жолдау   ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Қ.А.Ясауи университетінде  ашылған «Парасат орталығы» арқылы жүзеге асатын болады.
Алдағы уақытта, «Сенім жәшіктерін» өңіріміздегі өзге де  ЖОО мен барлық колледждерде орнату жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.