ТҮРКІСТАН: АУМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

2020 жылдың 7-8 қараша күндері Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтті. «Nur Otan» партиясы праймеризінің кезекті кезеңі болып есептелетін бұл саяси жиынға партияластар қатысып, өзара пікір алмасты. Аудандық, қалалық конференцияларға делегаттарды сайлады.

Мәселен Отырар ауданында өткен «Ұлағат» БПҰ жиынында ұйым төрағасы Мейрамкүл Тұрлыбек партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларға тоқталды. Оның сапалы жүзеге асырылуы болашақ депутаттарға да байлнысты екенін жеткізді. Сол үшін партияның ішкі іріктеуінен мықты азаматтар топ жарып шығулары тиіс. Осы аудандағы «Отырар» бастауыш партия ұйымында да маңызды мәселелер талқыланып, аудандық конференцияға қатысатын делегаттар іріктеліп алынды.

Ордабасы ауданындағы «Темірлан» және «Қажымұқан» бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары да карантин талаптары сақтала отырып өткізілді. Оған «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Әлиасқар Бердімұрат қатысып, партияластармен пікір алмасты. Ордабасы ауданын дамыту бойынша 5 жылдық бағдарлама әзірленгенін айтқан ол аудандық конференцияға елшіл, іскер азаматтар баруы тиіс екенін атап өтті.

Осы күні Түркістан қаласындағы «Станция Түркістан» бастауыш партия ұйымының мүшелері де жиналыс өткізді. Жиналыста қалалық конференцияға қатысушы делегаттардың кандидатурасы талқыланып, сайланды. Аумақтык конференцияға қатысушылар «Nur Otan»  партиясының аумақтық Сайлауалды бағдарламасын бекітуге атсалысады. Сонымен бірге облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беріп, партиялық тізімді жасақтайды. Аймақтық филиалдарға делегаттарды сайлайды.

Жалпы екі күнде Түркістан облысындағы 245 бастауыш партия ұйымында жиналыс өтті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.