ТҮРКІСТАН: АУЫР ЖҮК ТИЕГЕН КӨЛІКТЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен және «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі менеджерлерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Аталған акцияның негізгі мақсаты — көктемгі мезгілде артылған жүгі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының республиканың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жүруіне уақытша шектеулер енгізілетініне байланысты жүк тасымалдаушыларға түсініктеме жұмыстарын жүргізу.

Жалпы, «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Түсіндіру жұмыстары барысында ауыр жүк көліктерін жүргізетін көлік жүргізушілеріне «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобасы кең көлемде түсіндіріліп, жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету — айрықша маңызға ие екені жеткізілді.

Алдағы уақытта жобалық кеңсе мен инспекция тарапынан көлік саласындағы заңнама талаптарын бұзуды болдырмауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.