ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САРЫАҒАШТЫҚ ДИҚАНДАР АҒЫНСУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Биыл Сарыағаш ауданының шаруалары ағын судан тапшылық көрмейтін болады. Өйткені мұндағы каналдар кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Солардың бірі – Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналы. Бүгінде мұнда құрылыс жұмыстары қыза түскен. Құрылысы 2019 жылы шілде айында басталған жобаның жалпы құны – 1,55 млрд теңгені құрайды. Меншік иесі – «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Құрылысқа жауапты мекеме – «Гидроқұрылыс» ЖШС-гі. Нысанның негізгі мақсаты – Сарыағаш ауданындағы 1300 гектар аумақты ағын сумен қамту.
«Бұл жобаның құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айында толық аяқталады. Бұған дейін каналдың су өткізу қабілеті секундына 5 текше метрді құраса, құрылысы біткеннен соң бұл көлем едәуір арта түсетін болады. Бұдан бөлек, канал бетондалғаннан соң 1500 гектар егістік жерді ағын сумен қамтамасыз етіп, су үнемділігі 30 пайызға жетеді»,- дейді «Сарыағаш су шаруашылығы» ЖШС-нің директор орынбасары Нұрғали Арызқұлов.
Жалпы, Сарыағаш ауданы бойынша 9 мың гектар суармалы жер бар. Бұл көлем жыл санап артып келеді. Осы егістік алқаптарды ағын сумен қамтып отырған ірілі-ұсақты 20 канал бар. Оның ең кішісі секундына 2 текше метр су тасымалдайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.