ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында биыл екі жаңа мектеп бой көтереді. Түлкібас ауданының орталығында салынатан білім ұясы 300 орынға лайықталған. Сондай-ақ, Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылынан 150 орындық жаңа мектептің құрылысы бастау алмақ.
Білім саласындағы бұл мәселелер жергілікті тұрғындар тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келген. Оңтайлы шешімі табылған білім саласындағы ауданның тың жаңалығы облыс әкімінің қолдауымен іске асып отыр. Қазіргі таңда мектептердің орналасу аумағы белгіленген.
Аудан оралығындағы мектеп құрылысы — Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің маңындағы ардагерлер аллеясының орнында, ал Еңбекші ауылындағы оқу ордасы — Тұрсынбеков мектебінің жанынан бой көтеріп, тұрғындар игілігіне беру уақыты да алыс емес. Бүгінгі таңда 300 орынға лайықталған және 150 орындық жаңа мектеп жобаларға облыстық бюджеттен бастапқы қаржысы бөлінген.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.