ТҮРКІСТАН: COVID-19 АНЫҚТАЙТЫН ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫ АРТТЫ

Түркістан облысындағы Covid-19 инфекциясын анықтауға бейімделген зертханаларда қосымша жаңа BIO-rad аппараты іске қосылып, әрқайсысында сынама алу қауқарлығы 500-ге жетті. Осылайша облыс аумағындағы барлық зертханаларда тәулігіне 5000 сынама алу мүмкіндігі бар. Өңірде 10зертхана жұмыс істейді. Бір апта ішінде өңірде коронавирус жұқтырған 9 адам тіркелген.

 

Соңғы тәулікте  тіркелген науқастан коронавирус Ресей шекарасынан Қазақстанға өткен кезде анықталды. Жұмыс сапарымен көрші елге барған азаматтың қазіргі жағдайы тұрақты. Медициналық көмек көрсетілуде.

 

Бұдан былай шекарадан өткен әрбір азаматтың қолында COVID-19 инфекциясына тексерілген анализ қорытындысы болуы тиіс. Болмаған жағдайда жергілікті дәрігерлер олардан анализ алып, стационарға жатқызады. Барлық мекемелерде 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Аурухана аймақтарынан салынған оттегі стансалары екі есеге артты.

 

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, өңірде коронавирус инфекциясының ықтимал белең алу жағдайлары ескеріле отырып, медициналық ұйымдарда 6 мыңнан астам төсектік орынмен қамту қарастырылған. Көрші елдермен шекаралас Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарында 100 карантиндік стационарлық орындар дайын.

 

Жалпы,  облыс бойынша пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырған 3409 жағдай тіркелген. 3349-ы жазылып шықты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.