ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖЕҢГЕНДЕР ҚАТАРЫ 20-ҒА ЖЕТТІ

Түркістан облысында жағымды жаңалық. Арыс қаласының 1970 ж. азаматы мен Жетісай қаласының 1983 ж.тұрғыны дертінен толық айығып, отбасына оралды.

Атап өтейік, олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген азаматтың жақын туысы болса, енді бірі 4 сәуір күні қайтыс болған жетісайлық тұрғынның жақын туысы.

Соңғы көрсеткіштерге сай, облыста індеттен жазылғандар саны  20-ға жетті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.