ТҮРКІСТАН: ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЙТЫН МАМАНДАРҒА ОНЛАЙН НҰСҚАУЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығының мамандары аудандағы залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге онлайн режимде дезинфекция жұмыстарының нұсқаулықтармен таныстырды. Орталықтың өкілі Индира Әубәкірованың айтуынша, қазір онда 109 маман бар, аудандағы өзге де мамандар білікті болып, залалсыздандыру жұмыстарын сапалы атқаруы қажет.
«Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге 18 жастан асқан тұлғалар жіберіледі. Техникалық құралдармен жұмыс істегенде және дезинфекциялық ертіндіні дайындау кезінде жеке бас қорғанышын сақтау үшін міндетті түрде арнайы қорғаныс киімін қолдану қажет. Залалсыздандыру іс-шараларын жүргізу кезінде қолданылатын дезинфекциялық препараттардың қауіптілік деңгейлеріне байланысты 4-ші сыныпқа жатқызылған қауіптілігі аз препараттарды, әдістемелік нұсқамасына сай қолдануға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, дезинфекциялық іс-шараларын жүргізу алдын міндетті түрде көршілерге ескерту жасалып, үйде науқас немесе мүгедек адамдар болмаған жағдайда жүргізеді», — деді Индира Темірханқызы.
Сонымен қатар, ол үй егелеріне залалсыздандыру жұмыстарынан кейін белгілі бір уақытта бөлмелерге ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіп, препараттың жағымсыз исі кеткенше желдетіп кіру қажет екені ескертілу керектігін айтты. Бұдан өзге мына нұсқауларлықтарды баяндады: 1) дезинфекциялық жұмыс барысында темекі шегуге, тамақ ішуге тыйым салынады; 2)дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. 3)жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін дезинфекциялық құралдарды әдістемелік нұсқамасына сай қолдану қажет және қараусыз қалдыруға немесе біреуге беруге болмайды. 4)жұмыс орындарында қолданылған құрал-жабдықтарды, жұмыс істейтін жабдықтарды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. 5)жұмыс күні аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер өзінің жұмыс орнында құрал-жабдықтырдың ажыратылғанын тазаланғанын тексеріп, жұмыс орнын ретке келтіруге міндетті.
Ал егер де абайсызда уланған жағдайда мынадай алғашқы көмектер көрсетіледі: тыныс алу мүшелерінің тітіркендірілуі байқалған жағдайда жұмысты тоқтатып, зардап шегушіні жұмыс жайынан таза ауаға немесе жақсылап желдетілетін бөлмеге шығарады; ауыз бен мұрын қуысын сумен шаю керек; қажет болған жағдайда дәрігерге көріну керек; егер ерітінді асқазанға түссе, 10-20 үгітілген белсендірілген көмір таблеткаларымен бірнеше стакан су ішкізу керек, дәрігерге көріну қажет; құрал көзге тиіп кеткен жағдайда, көзді 10-15 минут бойы ағын сумен жуып, натрий сульфациліннің 30 % ертіндісін тамызу керек.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.