ТҮРКІСТАН: ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы ерекше назарға алынған. Көзделген мақсат — АГТС-ті іске қосып, 78 елдімекенге көгілдір отын жеткізу.  Сондай-ақ, Түркістан мен Кентау қалалары мен оңтүстік аймақтарын толық газдандыру. Жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Атқарылып жатқан қыруар жұмыстың нәтижесінде әзірге 40 елдімекен табиғи газбен толық қамтылған. Бұл облыс халқының 50%-ға жуығы ғана. Аппарат жиынында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық аудан әкімдеріне маңызды мәселені мықтап қолға алуды тапсырды.

Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарды ортаға салды. Қазіргі таңда 38 елдімекенге көгілдір отын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жоспар бойынша атқарылуда. «Қызылжар», «Жаңақоғам», «Қызыләскер», «Ескі Иқан», «Таскескен», «Жібек жолы», «Қақпақ» АГТС-н іске қосу жұмыстары биылға белгіленген. Сонымен қатар, облыс аумағындағы 262 нысанды республикалық меншікке өткізу мәселелері де шешілуде.

Түркістан қаласында осы уақыт ішінде 7 262 абонентке газ жеткізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50%-ға арттыру көзделген. Шаһарда әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды газдандыру жұмыстары қатар жүруде. 315 нысанның 23-і қоғамдық моншалар. Алдағы уақытта газдандыру мәселесіне қатысты газ-техникалық инспекция жұмысын бастайды.

Кентау қаласында алдағы мамыр айында барлық магистральдық газ және тарату құбырлары орнатылады. Қаланы газбен қамтамасыз ету үшін «Қызыләскер» АГТС-і іске қосылады. Кентауда көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз етіп, пәтерлерді жылыту қазандықтарына қосу жұмыстары қарқынды.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2023 жылдар арасында облыстың оңтүстік аудандары табиғи газбен толық қамтылады. Бүгінге 5 ауданға газ құбырларын жеткізу жүзеге асуда. Алда Төлеби ауданын газдандыруды 100% -ға жеткізу көзделіп отыр. Үш жылдық жоспарға сәйкес, Түркістан облысының елдімекендерін газ жүйесімен жабдықтап, табиғи газ жеткізу ісі 80% -ға дейін өседі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.