ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 3 АВТОБЕКЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛҒАН

Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, Түркістан қаласындағы «Түркістан орталық» (Тәуке хан даңғылы, н/з), «Алтын Орда» (Тәуке хан даңғылы, №18) және «Мерей» автобекеттерінің (Ататүрік көшесі, н/з) қызметтері тоқтатылған.
Қазіргі таңда жолаушылар үшін Түркістан қаласы бойынша қаланың Шымкент бағытында жаңа «Түркістан» автовокзалы (Ынтымақ е/м маңы), Қызылорда бағытында «Алтын Бұлақ» (Қызылорда тас жолы) және «Яссы» (Қызылорда тас жолы) автовокзалдары жұмыс істеп тұр.
Заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы құзырлы органдармен бірге өткізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар барысында аталған автобекеттерден шыққан қоғамдық көліктер кері қайтарылып жатыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.