ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен өңірдің білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды.

Облыста 6 апатты  және  4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 4 апатты және үш ауысымды мектептің 3-нің мәселесі 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешімін табатын болады.

Ағымдағы жылы бағдарлама аясында жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 44 мектеп бюджет,        3-уі – жеке инвестиция есебінен. 1 қыркүйек айына 44 мектептен 17-сі пайдалануға тапсырылып, қалғаны жыл соңына дейін. Бұдан бөлек, 108 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына   қаржы қарастырылып, оның  5 мектебі тамыз айының соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 1 мектеп 2022 жылға өтпелі. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласына 2021-2022 оқу жылына орта білімді кадрларды даярлауға 52 мамандық бойынша 6 092 орынға мемлекеттік грант берілді. Оның 3 432 орны білікті жұмысшы кадрларды, 2 460 орны орта буын мамандарын, 200 орны қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бағытталған.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.