ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ КОРПУС 60-70 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРАДЫ

Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті. Партия филиалының төрағасы Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен конференцияның күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, партиялық тізімді бекіту және аталған конференцияға партия қызметкерлері, саяси кеңес және бастауыш партия ұйымдары ұсынған делегаттар тізімін бекіту қаралды.
Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл орайда, халық аузында жүрген көптеген мәселелер талқыға түскені әр қатысушының халық үніне құлақ асып жүргенін білдірді. Келесі кезекте, арнайы бөлмеде арақашықтықты сақтай 15 компьютер орнатылып, кезек кезегімен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.
Биылғы праймериз көптеген өзгерістерге бастау болды. Енді алдағы уақытта жергілікті мәслихаттар, соның ішінде Түркістан қаласының мәслихат құрамы да кемінде 60-70 пайызға жаңарады деген болжам бар.
Конференция соңында сөз кезегі Түркістан қаласы әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюповқа берілді. «2018-2020 жыл Түркістан қаласы үшін өте маңызды жылдар. Осы жылдары атқарылған жұмыс пен жаңалықтар көп болды. Партияның да халық өмірін жақсарту аясында, қашан да халықтың ой пікірін тыңдай, ақылдаса жұмыс жүргізуге қандай да мүмкіндігі бар. Осы тұрғыда жерлестерімізге жеңіл болуы үшін, 109 қызметі де қосылуда. Жалпы білім, денсаулық, қауіпсіздік салаларында қажетті қосымша іс-шаралар жоспарланған. Мәселен, жақын болашақта Түркістан қаласында бірнеше халықаралық деңгейдегі білім орталықтарын ашу аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ендігі, мақсатымыз, тілегіміз, ниетіміз бір, болып, халық игілігі мен ұрпақ болашағы үшін әлі де бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенемін.» – деді ол.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.