ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЕРІКТІ ЖАСТАР СУ БАСҚАН АУЫЛДАРҒА КӨМЕКТЕСУДЕ

24 сәуір күнгі жауын салдарынан Қазығұрт ауданында су басқан елді мекендердің тұрғындарына өңірдің ерікті жастар тобы жәрдемдесуде. Атап айтсақ, Сарапхана, Шанақ, Қарабау, Қақпақ, Қызылқия, С.Рақымов ауылдарындағы қора-жайларды жауын суынан, лай-батпақтардан тазарту жұмыстарын жергілікті тұрғындармен тізе қосып атқаруда.
Аталған ауылдардағы су басқан 41 үйдің ауласын тазарту жұмыстарына әкімшілік қызметкерлері де көмек қолын созуда. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар қызметкерлері жауын суын арнайы техника көмегімен шығаруда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.