ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТӨРТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Түркістан облысыны Келес ауданында төртінші үшем дүние есігін ашты. Ауданға қарасты Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны Майра Омарова қараша айының Шымкент қаласында орналасқан №1 периниталдық орталықта 3 ұл перзентті дүниеге әкелді. Нәрестелер Ақасыл, Нұрасыл және Бекасыл атты есімдерді еншіледі.
1 ұл, 1 қызды тәрбиелеп отырған Бекен Оразбековтің отбасы тағы үш бірдей перзентпен толықты. Сәбилердің анасы Майра Құрбанәліқызы Келес ауданындағы «Абай» ауруханасына күтініп, ем алу үшін ауыстырылған.
Жалпы нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық. Учаскелік дәрігердің бақылауына алынған. Шаңырағы шаттыққа кенген жас әке Бекен Лесбекұлы 1987 жылы туылған. Бүгінде қуанышы еселенген жанұя қарашаңырақта ата-анасымен бірге тұрады.
Айта кетерлігі, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен қайта құрылған Келес ауданындағы Бірлік және Ұшқын ауылдық округінде 2018 жылы үшемдер туылған болатын. Биылғы жылдың наурыз айында Біртілек ауылдық округінде тұратын отбасында үшемдер дүниеге келген.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.