ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында облыстағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы жөнінде жиын болып өтті. Шараға қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және облыстың аудан, қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібіне қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және облыстағы этносаралық қатынастардың мәселелері айтылып, жан-жақты талқыға түсті.
Сонымен қатар, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін санитарлық талаптарды сақтай отырып тойлау барысы баяндалып, мерекеге қатысты жоспарлар пысықталды.
Сондай-ақ Наурыз мерекесінің қарсаңында тұсауы кесілетін «Түркістан» телеарнасының тұжырымдамасы таныстырылып, арнаның даму бағыттары жайлы сөз қозғалды.
«Түркістан облысы әкімдігі құрылтайшысы болып табылатын «Түркістан» телеарнасы облыс жұртшылығына ғана емес, күллі Түркі елдеріне 5 тілде хабар тарататын бірегей медиа кеңістік болғалы тұр. Арнаның өркендеуі – облыстың рухани-мәдени бағытта дамуына оң ықпалын тигізіп, өңір жетістігін кең көлемде насихаттауға жол ашады», — деген басқарма басшысы Дамир Жүнісов алдағы уақытта телеарна ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды.
Жиын соңында қатысушылар «Алатау» медиа орталығының материалдық-техникалық базасы мен «Түркістан» телеарнасының алғашқы шығарылымына дайындық жұмыстарымен танысты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.