ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУДЕН КӨШ БАСТАП ТҰР

Жыл сайын дүниежүзі мемлекеттерінің бизнеске қолайлығы бойынша “The World Bank Doing Business”  рейтингі жасалады. Онда Қазақстан 190 мемлекеттің арасында 25-орында тұр. Кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы еліміздің облыстары мен мегаполистары арасында суб-рейтинг жүргізіліп, Түркістан облысы бизнес жүргізу үшін ең үздік өңір болып танылды.

Бұл рейтингте Қазақстан 10 критерий бойынша бағаланады. Өңірлерге реттеуші климат, инфрақұрылым, бизнес үшін қаржының қолжетімділігі, адами капитал және қабылданатын шешімдердің транспаренттілігі сияқты 5 фактор бойынша баға беріледі.

«Айта кетейін, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бизнес климатты жақсарту аясындағы тапсырмаларына сәйкес өңірде ауқымды жұмыс жүргізіліп, Түркістан облысы жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Бұл бизнес саласын жақсарту аясында еңбектеніп жүрген әр азаматтың, сонымен қатар отандық өнім шығарып, халықты жұмыспен қамтып отырған әрбір кәсіпкердің жетістігі екенін айта кету маңызды. Әрине, адал атқарылған еңбек еленбей қалмайды. Облысымыздың үздік аталуы әр қайсымызды ынталандырып, бұдан да биік белестерді бағындыруға бастары сөзсіз», — дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

The World Bank Doing Business — бұл дүниежүзілік банк тобы дамудың барлық негізгі салаларында жұмыс істейді. Олар қаржы өнімдерінің кең ауқымын және техникалық көмекті ұсынады,  сондай-ақ елдерге инновациялық білімдермен және олардың алдында тұрған проблемаларды шешумен бөлісуге және қолдануға көмектеседі.

Түркістан облысында 150 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 246 жоба 24,4 млрд теңгеге қаржыландырылған. Ал, 29 жоба 5 млрд теңгеге мақұлданса, 27 жобаны 6,1 млрд теңгеге қаржыландыру қаралуда. Саны бойынша ауылшаруашылық саласында 77,4 %, тамақ өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары белсенді.

17 ауылшаруашылығы, екі туризм және үш тамақ өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.