ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Бүгінгі күні Агенттіктің бастамасымен  Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ инвестициялық қызмет барысында пайда болатын проблемалық мәселелер мен заңсыз қысым жасау деректерін жоюға бағытталған «Protecting Business and Invesments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасы Түркістан өңірінде қарқынды жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шеңберінде іске қосылған бұл жоба — бизнес ортада сыбайлас жемқорлық көріністері мен  әкімшілік кедергілердің туындауына жол бермеуді және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі таңда, «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында Департаментпен жалпы құны 586 млрд.теңгені құрайтын 39 жоба сүйемелдеуге алынып, жыл басынан бері бизнесті қорғау шеңберінде 42 бизнес қауымдастықпен  екі жақты келісімге қол қойылған.

Департаментпен келісімге қол қойған инвесторлар 100% сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде қорғалатынын облысқа қарасты кәсіпкерлердің назарына ұсына отырып, Департаментпен меморандумға отыру арқылы заңсыз қысым көрсету деректерінен толық қорғалуға шақырамыз!

Байланыс телефоны: + 775 991 23 00

+7 776 837 09 00

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.