ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАР ҚҰРСАУЫНАН 23 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

2022 жылдың 06 ақпанында «112» қызметіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынан 135 шақырым жердегі «Ұланбел-Созақ-екпінді» облыстық маңызы бар автожолының жабық учаскесінің 577-642 шақырымында жолаушылары бар 53 автокөлік қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Төтенше жағдай орнына келген құтқарушылар 53 автокөліктен 23 адамды құтқарып, олар Жартытөбе ауылындағы Тастемірсай жылыту бекетіне орналастырылды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, сағат 20.16-дан бастап Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 577-642 шақырымы аралығындағы «Ұланбел-Созақ-екпінді»облыстық маңызы бар автожолы жабылған болатын.
Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.