ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРЛАРДА ТӨСЕК-ОРЫНДАР САНЫ КӨБЕЙДІ

Түркістан облысындағы медициналық ұйымдардың карантиндік стационарларында төсек-орындар саны артып, 400-ге жуықтады. Шет мемлекеттерден келген азаматтар коронавирус инфекциясына сынама тапсырып, нәтижесі шыққанға дейін аталмыш орталықтарда уақытша оқшауланады. Шекаралас аудандарда бақылау күшейтілді.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше оқшаулау орталықтары Сарыағаш, Атакент, Кентау қалалары мен Сайрам, Қазығұрт  және Келес аудандарында да ашылған. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты карантиндік стационар 180-орынға артты.

Соңғы мәлімет бойынша, карантиндік стационарларда облыс бойынша 56 адам дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов шекаралас ауданда орналасқан карантиндік стационарды аралап, медицина қызметкерлерінің індеттің таралуына тосқауыл қою амалдарын пысықтады. Аудандық аурухана зертханасының  тәулігіне 500-ге жуық коронавирус инфекциясына сынама алуға мүмкіндігі бар. Таяу уақытта жеке оттегі станциясы іске қосылады. Емдеу мекемесі 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

2020 жылғы 3-ші қараша күнгі дерек бойынша, соңғы үш тәулікте облыста  коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеген.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.