ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫН ЕРКІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Дауыс беру құқығы азаматтар өзінің сайлау учаскесінің қарапайым жолмен таба алады.

Түркістан облысында сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайтқа арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар  депутаттарының сайлауының жариялануына байланысты 6 қарашадан бастап Түркістан облысының әкімдігі жанынан азаматтарға, оларды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы ақпарат беру жөніндегі  109 нөмірлі «Сall-орталық» іске қосылды.

Операторлар жұмыс күндері сайлауға қатысты барлық сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, сайлау бойынша сауалдарыңыздыsailau2021@iturkistan.kz электронды поштасына жолдауға болады. Сондай-ақ, сайлаушылар үшін https://tur.saylaw.kz/ сайты және Telegram-бот @tur_saylaw_bot мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.