ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕШІТТЕРІНДЕ КӨПШІЛІК НАМАЗДАР ОҚЫЛА БАСТАДЫ

Түркістан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 748 мешіт болса, бүгінде оның облыс және аудан орталықтарындағы 632-інде жұма намаздары оқыла бастайды. Ал өзге бес уақыт намаздар барлық мешіттерде орындалады. Әрине, еліміздің бас санитар-дәрігерінің қаулысы бойынша, жамағат арақашықтықты сақтай отырып, мешіттің іші 30%-ға ғана толтырылады. Ал қалған адамдар мешіт сыртында құлшылық жасайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммункациялар қызметінде Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.
Айта кетерлігі, мешіттер жалпы көпшілікке 2 кезеңмен ашылады. Бірінші — аудан, қала, ауылдық округтердегі жамағаты көп жиналатын ірі мешіттер ашылады. Екінші — барлық ауыл-аймақтың мешіттері жаппай ашылатын болады.
«Карантин жағдайында мешіт қызметкерлері мен келушілер міндетті түрде бетперде қолдануы тиіс. Барлық мешіттердің намаз оқитын, құран оқитын бөлмелері антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Келушілер 1,5 метр арақашықтықты сақтай отырып жеке және жамағат намаздарын оқиды. Мешіт дәретханалары қауіпсіздік мақсатында карантин режимі аяқталғанша жабық тұрады. Жұма уағызы айтылмайды. Жұма намазының құтпасы мен намазы 15 минуттан асырылмайтын болады», — деді облыс имамы.
Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбек облыс орталығындағы 30 мешіттің әзірге 17-і көпшілік үшін ашылатынын жеткізді. Атап айтқанда, «Бекзат», «Құддыс», «Ақмешіт», «Нақып ата», «Игілік», «Тұяқбай», «Асанбай», «Иассы», «Н.Төреқұлов» сынды мешіттер.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.