ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ТӨРАЙЫМЫ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында  «Цифрландыру-бұл сән үрдісін ұстану емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы.Ең алдымен, цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қол жеткізуді және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету міндеті тұр.Бүгінде бұл жол мен электр энергиясы сияқты негізгі қажеттілік»деп цифрландырудың мемлекет саясатындағы басым бағыттарының бірі екендігін тілге тиек еткен еді.

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық арнайы мониторингтік топтың төрайымы Айгуль Сағадибекқызының төрағалығымен Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында алқалы жиын өтті.

Кездесуге Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Мирас ҚарғабайҚазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев  қатысып, Түркістан облысындағы цифрландыру сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды.

Жиын барысында Айгуль Соловьева сөз алып, цифрлық жүйеге көшу – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмауға тікелей ықпал ететін тиімді тетік екендігін баяндап, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді  цифрландыруға көшірудің маңыздылығын айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, Рафаэль Гасанов Агенттік Төрағасының бастамасымен барлық білім беру ұйымдарына бөлінген бюджеттің ашықтығы бойынша нақты шаралар жүргізіліп жатқанын алға тартып, басқарманың алдағы жоспарларына тілектестік білдірді.

Түркістан өңіріндегі интернет ресурстардың қолжетімділігі мен сапа деңгейі кең көлемде талқыланған кездесуде  басқарма басшысы киелі өңірдегі цифрлық қызметтің сапасын арттыру бойынша  атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, пандемия індеті еліміздегі цифрландыру жүйесін жүйелі жолға қою қажеттігін туғызып отырғанын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.