ТҮРКІСТАН: СОҢҒЫ ЕКІ ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Соңғы екі тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеген. Күні бүгінге дейін COVID-19 індеті расталған 3418 науқас бойынша 2647 ошақ  анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Эпидемиологиялық іс-шаралар әлі де жалғасуда.

 

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 3352 науқас жазылып шыққан. Олардың ішінде 2359 азаматта індет симптомсыз өткен. Инфекциялық стационарда қазіргі таңда 1 науқас ем қабылдауда.

 

Облыста қызмет көрсетіп тұрған 10 ПТР зертханаларында  жалпы пандемия басталғалы 208 376 адамнан сынама алынған.  Соңғы бір тәулікте 2000-ға жуық адам тексеруден өткен. Инфекциялық стационарларда 600 төсек-орын бар. 25 науқас вирусты пневмониядан ем қабылдауда. Карантиндік стационарда 56 адам оқшауланған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.