ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА АРБАТ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Биыл Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында жаңа арбат бой көтермек. Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмыстары жүруде. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары толық аяқталады.
Демалыс орны — аудандық мәдениет үйінің алдындағы «Құрметті азаматтар» аллеясының орнына түспек. Ал, «Құрметті азаматтар» аллеясы жаңа дизайнда «Жеті қазына» аллеясының аумағынан бой көтеретін болады.
Аудан орталығының көркін аша түсетін арбаттың қос қапталындағы жаяу жүргінші жолы мен саяжолға түрлі-түсті бедерлі тас төселмек. Сондай-ақ, жаңа орындықтар қойылып, шамдар ілінеді. Жергілікті фаунаға сай сәулетті мүсіндер орнатылатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген кезде, ауыл тұрғындарының демалыс аймағына айналмақ.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.