ТҮРКІСТАН: ҮГІТ-НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗДІ
Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері киелі өңірде халықпен тең отырып тілдесуді және сол арқылы тұрғындар арасында адалдық, әділдік құндылықтарын кең көлемде дәріптеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Бүгін игі мақсатқа құрылған кезекті кездесу облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаевтың қатысуымен Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының ұжымы арасында өткізіліп, жиынға қатысушыларға қоғамда адалдық атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мақсатты жиынның негізгі мақсаты – қоғам індетінің алдын алу және билік пен бұқара арасында, кәсіпкерлік пен бизнес ортада сенім атмосферасын қалыптастыру.
Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев адалдық пен ашықтық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттары мен міндеттерін ортаға салып, бармақ басты, көз қысты әрекеттердің ел экономикасына тигізер залалы мен зарбадын түсіндірді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтарды таныстырып, ол бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында қызметкерлердің талап-тілегі мен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.