ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

Кентау қаласына қарасты Ынтымақ елді мекені маңында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырған жұмысшы топ құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық полиция департаменті және облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері бар. Бірлескен рейд кезінде көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарының қатаң сақталуы қажеттігі айтылды. Сала мамандарының айтуынша, басты мақсат айыппұл салу емес – жол қауіпсіздігі ережелері талаптарын ескеруге шақыру. Нәтижесінде, заңсыз тасымалдаумен айналысқан қоғамдық көліктерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес, 4 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.